Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -2°C
Ру

«10 игі іс»: Ләззат Асанованы еске алуға арналған қайырымдылық шарасы

Фото көзі: : акимат
ZontNews.kz
Қыр. 10, 2026, 7:57 Т.Қ.

2026 жылғы 28 тамызда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, қайсарлық пен елдік рухтың символына айналған Ләззат Асанованы еске алуға арналған жоба шеңберінде «10 игі іс» ұранымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың 15 бүлдіршініне мектеп рюкзактары мен қажетті оқу құралдары табысталды. Бұл – балғындардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік берген ізгі бастама болды.

Қайырымдылық шарасына Республикалық «Желтоқсан-86 – Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы арнайы қатысып, бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Аталған бастаманың басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, өскелең ұрпаққа қамқорлық таныту, ізгілік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен ел тәуелсіздігі жолындағы азаматтық ұстанымын жас ұрпақтың санасында жаңғыртып, отансүйгіштік рухты қалыптастыруға үлес қосу.

Ләззат Асанованың есімі – Тәуелсіздік жолында қайсарлық танытқан жас ұрпақтың рухын айшықтайтын қастерлі есімдердің бірі. Сондықтан осындай игі шаралар арқылы оның өнегелі өмірі мен Желтоқсан рухын кейінгі буынға жеткізу – баршамызға ортақ парыз.

Бүлдіршіндеріміздің мектептегі алғашқы қадамдары сәтті болып, білім жолдары жар

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз