Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 448.34
514.73
5.34
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      18°C
Ру

1 қыркүйектен автокөлік әкелуге жаңа талаптар енгізіледі

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 21, 2026, 3:07 Т.Қ.

Премьер-министр Олжас Бектенов 10 күн ішінде елге автокөліктерді заңсыз әкелудің жолын кесуге бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Үкімет басшысы Қазақстанға заңсыз әкелінетін көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай кеден заңнамасын қолданудағы олқылықтарға да байланысты.

Осыған байланысты Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп 10 күн ішінде заңсыз көлік әкелудің алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Жаңа тәсілдер кедендік әкімшілендіру және техникалық реттеу саласында 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз