Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Жетісуда күдікті ұсталды

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 9, 2026, 10:25 Т.Ж.

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фото және бейнематериалдарын заңсыз таратты деген күдікпен 22 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті жасөспіріммен TikTok арқылы танысып, кейін басқа мессенджерде байланысын жалғастырған. Ол қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсетіп, 20 мың теңге беремін деп уәде етіп, интимдік сипаттағы материалдарды алған.

Кейін бұл фото мен бейнематериалдарды жабық арналарда таратып, одан пайда көрген деген күдік бар. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз