Өскеменде экс-шенеунік Омар ісі: прокурорлар 6 жыл сұрады
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұрынғы шенеунік ірі көлемде алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталуда. Мемлекеттік айыптаушылар соттан оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот барысында Жақсылық Омар тергеу изоляторында өткізген уақыт ішінде өз іс-әрекеттерін қайта саралағанын айтып, кінәсін толық мойындайтынын жеткізді.
Еске салайық, 18 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растаған еді. Содан бері сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Жақсылық Омар 2018–2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болды. Кейін 2025 жылдың сәуіріне дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып, 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болған.
Айта кетейік, оның есімі бұған дейін де резонанс тудырған іске байланысты аталған. Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер автокөлік көпірі құлап, қоғамда үлкен талқылау тудырған еді. Бұл көпірдің құрылысын бұрынғы шенеунік тікелей қадағалаған. Соңғы екі жылда нысанды жөндеуге 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз