Шиеліде 16 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды
Қызылорда облысының Шиелі ауданында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті қолға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті – Шиелі ауданының тұрғыны. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
Еске салсақ, 3 маусым күні Шиелі ауданындағы каналдан 16 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Осы дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Марқұмның туыстарының айтуынша, қыз 2 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Оны іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Жақындарының сөзінше, жасөспірімнің денесі көрші Ыбырай Жақаев ауылындағы су арнасынан табылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұмның туыстары кінәлілердің заң аясында қатаң жауапқа тартылуын талап етуде.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз