Семей тұрғыны қонақтан кейін әшекей бұйымдарынан айырылды
Семей қаласында 43 жастағы тұрғын үйінде қонақ күткеннен кейін алтын әшекей бұйымдарының ұрланғанын байқаған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, қонақтар кеткен соң қонақ бөлмедегі қобдишада сақталған алтын сырға, білезік және сақинаның жоғалып кеткені анықталған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрады.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталған. Ол 46 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін мойындаған. Ұрланған әшекей бұйымдар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті келу міндеттемесімен босатылған.
Полиция азаматтарға үйде қонақ қабылдау кезінде құнды заттарды сақтауға мұқият болуды және қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз