Павлодарда 1600 гектар жер қайтарылды
Павлодар облысында жалпы аумағы 1600 гектардан асатын, кадастрлық құны шамамен 1 млрд теңге болатын төрт жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, заңсыз берілген және мақсатына сай пайдаланылмаған жер телімдері мемлекетке қайтарылған. Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар, соның ішінде жер қатынастары бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Табиғатты қорғау прокуратурасы жер телімдерін беру және оларды пайдалану кезінде бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Мәселен, Екібастұз өңірінде жеке орман өсіруге бөлінген 797 гектар жер мақсатына сай пайдаланылмаған. Аталған аумақта ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілмеген.
Тереңкөл және Аққулы аудандарында жалпы аумағы 820 гектар болатын су қорының жерлері бассейндік су инспекциясының міндетті келісімінсіз үшінші тұлғаларға балық шаруашылығын жүргізу үшін берілген.
Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура уәкілетті органдарға қадағалау актілерін енгізді. Кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз