Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    14°C
    • Астана
      2°C
Ру

Атырауда үш ай бұрын жоғалған екі адамның денесі табылды

Фото көзі: : Алаш коллажы
ZontNews.kz
Наурыз 10, 2026, 10:30 Т.Ж.
0
15

Атырау облысында бірнеше ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының екі тұрғынының мәйіттері табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz

Марқұмдар – Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалина. Олардың денелері күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрын жұбайымен бірге тұрған үйінің ауласынан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу барысында Сұлтан Сәрсемалиев екі адамды өлтіргенін мойындаған. Ол сондай-ақ олардың мәйіттерін Геолог шағын ауданындағы жалға алынған үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тартылды.

Оқиға орнында арнайы жылжымалы штаб құрылып, үй ауласы мен маңайдағы аумақтар арнайы техникамен, соның ішінде георадарлар арқылы тексерілген. Алайда іздеудің алғашқы кезеңдерінде олардың ізі табылмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз