Желтоқсаншыларды қорлаған әйелге қатысты іс қозғалды
Әлеуметтік желіде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қатысушыларын қорлаған пікір жазған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Полиция қызметкерлері желідегі пікір иесін анықтап, оны бөлімшеге жеткізген. Қазір оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр.
Белгілі болғандай, Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы Виолетта Паршина жазба астында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты қорлайтын сөздер қалдырған. Бұл жазба қоғамда үлкен наразылық туғызды.
Желі қолданушылары оның жұмыс істеген компаниясына жаппай теріс пікір қалдыра бастаған. Соның салдарынан ұйымның 2GIS сервисіндегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеген. Кейін әйел жұмыстан шығарылған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз