Жасөспірімдердің тек әрбір бесіншісі ғана түрмеге қамалады
Қазақстанда заң бұзған жасөспірімдердің тек әрбір бесіншісі ғана бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды ZontNews.kz. finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты жаза түрлері ересектерге қарағанда әлдеқайда жеңіл қарастырылады. Статистикаға сай, заң бұзған жасөспірімдердің шамамен 20 пайызы ғана түрмеге қамалады.
Соңғы жылдары жасөспірімдер қылмысы өсіп отыр: 2025 жылы күдікке ілінген кәмелетке толмағандар саны 2,5 мыңға жетіп, былтырмен салыстырғанда 30 пайыздан астам артқан. Биылдың алғашқы айларында да жүздеген жасөспірім құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Өткен жылы сотталған кәмелетке толмағандардың саны да көбейіп, олардың бір бөлігі бас бостандығынан айыру, бір бөлігі шартты жаза немесе пробациялық бақылау алған. Түрмеге жіберілгендердің ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар басым.
Мамандардың айтуынша, құқық бұзушылардың көпшілігі 16–18 жас аралығындағы ұл балалар және олардың басым бөлігі отбасында тәрбиеленген жасөспірімдер.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз