Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

Forbes: қыздарға қауіп төндіретін онлайн-топтар көбейген

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 3, 2026, 5:35 Т.Қ.

Жасөспірімдер арасындағы жабық онлайн-қоғамдастықтар қыздарға қарсы зорлық-зомбылықты, бопсалау мен қорлауды насихаттап отыр. Бұл туралы ZontNews.kz. Forbes Woman басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы жылдары Ұлыбритания, АҚШ, Австралия және бірқатар басқа елдердің құқық қорғау органдары жасөспірімдер арасындағы жабық онлайн-қоғамдастықтардың көбейіп келе жатқаны туралы дабыл қағуда. Бұл топтардың мүшелері қыздарға қатысты қорқыту, бопсалау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін үйлестіріп отырғаны анықталған.

Мұндай қауымдастықтар даркнетте емес, кеңінен қолданылатын әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен ойын платформаларында жұмыс істейді. Олардың қатысушылары көбіне жасөспірім қыздарды нысанаға алып, сеніміне кіргеннен кейін қорқытып, жеке мәліметтерін жариялаймыз деп бопсалап, қауіпті әрі қорлайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.

2025 жылдың наурызында Ұлыбританияның Қылмыспен күрес ұлттық агенттігі (NCA) 2022–2024 жылдар аралығында әйелдерді жек көру негізінде жасалған онлайн-қылмыстар туралы хабарламалар саны алты есе артқанын мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, осы кезеңде мыңдаған жасөспірім зорлық-зомбылық пен сексуалдық сипаттағы материалдармен алмасқан.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, кейбір жағдайларда 11 жастағы қыздар қорқытуға ұшырап, өзіне, бауырларына немесе үй жануарларына зиян келтіруге мәжбүр болған. Кейбір жәбірленушілерді суицидке итермелеу әрекеттері де тіркелген.

Осындай құбылыстар АҚШ-та да байқалады. Сарапшылардың мәліметінше, халықаралық «764» онлайн-қоғамдастығы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы негізінен қыздарды тауып, оларды бопсалау және психологиялық қысым көрсету арқылы қылмыстық әрекеттерге тартқан. 2025 жылы ФБР осы топқа қатысты кемінде 250 тергеу жүргізген.

Австралияда 2024 жылдың шілдесі мен 2025 жылдың маусымы аралығында балаларды интернет арқылы жыныстық қанауға қатысты 82 мыңнан астам хабарлама тіркелген. Федералдық полиция өкілдерінің айтуынша, ең осал топ – жасөспірім қыздар.

Осындай қылмыстық онлайн-қоғамдастықтарға қатысты тергеулер Германия, Нидерланд, Швеция және Норвегияда да жүргізілген. Сарапшылардың пікірінше, ата-аналар балаларының интернеттегі белсенділігіне назар аударып, күмәнді онлайн-топтар мен қауымдастықтарға қосылу белгілерін дер кезінде байқауы маңызды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз