Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Таразда баланы жерге ұрған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Фото көзі: : Бейнеден кадр
ZontNews.kz
Шілде 30, 2026, 4:25 Т.Қ.

Желіде Таразда жасөспірімнің өзінен кіші баланы көтеріп алып, жерге ұрған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Полицияның мәліметінше, тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Зардап шеккен баланы дәрігерлер тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберген.

Құқық бұзушылық жасаған жасөспірімнің ата-анасы баласының бұзақылығы және оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты материалдар Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды. Полиция ата-аналарды балалардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, олардың бос уақытын және мінез-құлқын бақылауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз