Студенттер шетелде жұмысқа орналастыру компаниясына шағымданды
Шетелде жұмыс істеуді жоспарлаған 100-ден астам қазақстандық студент Job2day компаниясына қатысты сотқа жүгінуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Студенттердің айтуынша, компания Work and Travel бағдарламасы арқылы Германияға жұмысқа орналастыруға уәде берген. Алайда келісімшартта көрсетілген мерзімде жұмыс ұсынысы берілмей, жастар шетелге шыға алмаған.
Компания қызметі үшін әр студенттен 500-800 мың теңге аралығында ақша алынған. Кейбір жастар бұл қаражатты несие арқылы төлеген. Келісім бойынша ақша қайтарылуы тиіс болғанымен, көптеген студент қаражатын әлі ала алмағанын айтады.
Job2day өкілдері халықаралық серіктес компания міндеттемелерін орындамағанын айтып, қаражатты кезең-кезеңімен қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Ақшасын қайтара алмаған студенттер полицияға арыз берген. Қазір бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз