Шоқанға арналған баннер елді күлдірді
Алматыда Шоқан Уәлихановқа арналған баннердегі бірнеше қате әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Бұл туралы ZontNews.kz. Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғыны Threads желісінде жариялаған жазбасында Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы, 148 мекенжайында орналасқан баннерден бірден бірнеше қате тапқанын айтқан. Оның пікірінше, мұндай қателердің қала орталығындағы көрнекі ақпаратта жіберілуі түсініксіз.
Баннер мәтінінде ғалымның тегі «Уалиханов» деп қате жазылған. Сонымен қатар «халқымдың» сөзіндегі грамматикалық қате, «ғылым, және» тіркесіндегі артық үтір, «жұлдызы» сөзінің екі рет қайталануы және аяқталмаған сөйлем анықталған. Жалпы баннерден бес қате табылған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, кейбірі мәтін жасанды интеллект көмегімен дайындалған болуы мүмкін деген болжам айтты. Олар кез келген материалды жариялар алдында мұқият тексеру қажет екенін атап өтті.
Желіде тараған сурет тұрғындар арасында қызу талқыланып, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың сапасына қатысты мәселелерді қайта көтерді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз