Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

ШҚО-да порножелі мүшелеріне үкім шықты

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 4, 2026, 11:32 Т.Ж.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты порнографиялық материалдарды дайындап, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топ 2018–2024 жылдар аралығында еліміздің бірнеше өңірінде заңсыз жұмыс істеп, тұрақты табыс тауып отырған.

Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптау тарапы 14 адамның тағылған айыптарға қатысы бар екенін растайтын дәлелдерді ұсынды.

«Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденді деп танып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген прокуратура хабарламасында.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз