Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясы желіде қызу талқыланды

Фото көзі: : instagram
ZontNews.kz
Наурыз 30, 2026, 2:56 Т.Қ.
0
25

Әлеуметтік желілерде Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан суреттер жарияланып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Кадрларды отандық және шетелдік брендтермен жұмыс істейтін фотограф Мирас Баянов түсірген.

 Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды. Әсіресе, өнерді жалғастырып жүрген жандармен жұмыс істеудің орны бөлек. Ғажайып Әселді өз көзқарасыммен көрсетуге тырыстым, – деп жазды фотограф.

Желі қолданушылары фотосуреттерге оң пікір білдіріп, Исабаеваның бейнесіне жоғары баға беруде.

Әсел Исабаева – «Astana Ballet» театрының арт-менеджері. Театрдың ресми мәліметіне сәйкес, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі концепциясының авторы саналады. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын басқарады.

Ашық дереккөздерде оның есімі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты аталады. Бұл туралы ол өз мемуарында да жазған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз