Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    13°C
    • Астана
      16°C
Ру

Ресейдегі жаппай төбелес: Қазақстан азаматтары ұсталды – СІМ

Фото көзі: : Threads-тегі видеодан кадр
ZontNews.kz
Наурыз 27, 2026, 4:40 Т.Қ.
0
25

Әлеуметтік желілерде Ресейдің Ленинград облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға Қазақстан азаматтары да қатысқан, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оқиға 26 наурыз күні Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Кадрларда топ ішіне автокөліктің жоғары жылдамдықпен кіріп кеткені көрінеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, жанжал қазақстандықтар мен жергілікті күзет қызметкерлері арасындағы келіспеушіліктен туындаған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл деректі растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстаған.

СІМ мәліметінше, Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы жағдайды бақылауда ұстап, Ресейдің құзырлы органдарымен байланыс орнатқан. Қазір қазақстандықтардың нақты саны мен олардың құқықтық мәртебесі анықталып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз