Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Ресейге баратын қазақстандықтарға жаңа талап енгізіледі

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 21, 2026, 11:08 Т.Ж.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе оқуға баратын Қазақстан азаматтары үшін жаңа талаптар енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

СІМ мәліметінше, енді Ресейге аттанатын қазақстандықтар ruID мобильді қосымшасын пайдалануы керек. Жаңа тәртіпке сәйкес, шетел азаматтары қосымшада жеке профиль ашып, елге кіру туралы электронды өтініш береді.

Өтініш мемлекеттік шекарадан өтуге кемінде 72 сағат қалғанда рәсімделуі тиіс. Өтініш мақұлданған жағдайда, қосымшада Ресейге кіру құқығын растайтын QR-код қалыптастырылады. Бұл код 90 күн бойы жарамды болады.

Министрлік азаматтарға Ресейге сапарды алдын ала жоспарлап, жаңа талаптармен алдын ала танысуға кеңес берді.

Айта кетейік, Ресей 2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетел азаматтары үшін елге кірудің жаңа ережелерін кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Эксперимент аясында келушілердің төлқұжат деректері, фотосуреті және саусақ іздері қамтылған цифрлық профиль жасалады.

Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим сақталғанымен, шекарадағы қосымша рәсімдерден өту қажет болады. Сонымен қатар ruID қосымшасы арқылы сапар туралы ақпаратты алдын ала жіберіп, биометриялық сәйкестендіруден өтуге мүмкіндік беріледі.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз