Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

Отбасының әл-ауқатын бағалауда жаңа талаптар енгізілді

Фото көзі: : Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ZontNews.kz
Маусым 24, 2026, 3:20 Т.Қ.

Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Жаңа өзгерістерге сәйкес, отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде несиелік берешек, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі және жеке қосалқы шаруашылықтың болуы сияқты көрсеткіштер есепке алынады.

Атап айтқанда, 90 күннен астам мерзімі өткен және 1000 теңгеден жоғары несиелік берешегі бар азаматтарға теріс балл беріледі. Сондай-ақ тұрғын үй саны мен оның бір адамға шаққандағы аумағы да бағалау жүйесіне енгізілген. Бірнеше тұрғын үйі бар отбасыларға қосымша балл қарастырылса, баспанасы жоқ азаматтарға теріс көрсеткіш беріледі.

Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтың құнына қарай да балл есептеледі. Қосалқы шаруашылықтың құны жоғарылаған сайын әлеуметтік әл-ауқат көрсеткіші де артады.

Жаңартылған әдістеме 2026 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз