Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Мемлекеттік баспана бөлудің тәртібі өзгереді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 20, 2026, 12:35 Т.Қ.

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бөлу кезінде пәтердің ауданы ғана емес, отбасы құрамы мен бөлмелер саны да ескерілетін болады, деп хабарлайды ZontNews.kz.  "31 канал" сілтеме жасап.

Қазір баспана көлемі әр адамға 15–18 шаршы метр есебімен анықталады. 14 қыркүйектен бастап пәтер таңдауда отбасындағы балалардың жынысы да назарға алынады.

Өнеркәсіп министрлігінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Әсем Әлжанованың түсіндіруінше, төрт адамнан тұратын, бір жынысты екі баласы бар отбасыға екі бөлмелі пәтер ұсынылады. Ал балалары әртүрлі жынысты болса, отбасы үш бөлмелі баспана ала алады.

Қажетті пәтер болмаған жағдайда бөлмесі аз баспана ұсынылуы мүмкін. Отбасы одан бас тартса, кезектегі орнын жоғалтпай, талапқа сай пәтерді күтуді жалғастырады.

Психолог Ақмарал Әбдікерімова баланың жеке кеңістігі оның дербестігін, қауіпсіздік сезімін және жеке шекарасын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

«Отбасы мүшелерінің әрқайсысы баланың жеке кеңістігін түсініп, құрметтеуі керек», – деді маман.

«Отбасы банкінің» пікірінше, жаңа тәсіл кезекте тұрған азаматтарға отбасы құрамына сәйкес баспана таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа талаптар 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз