Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Мектепке арналған гүлдер қанша тұрады?

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 28, 2026, 6 Т.Қ.

Астана мен Алматыда 1 қыркүйекке арналған ең қарапайым гүл шоғын шамамен 4,5–8,5 мың теңгеге сатып алуға болады. Ал көлемді композициялар ондаған мың теңге тұрса, премиум санаттағы гүл шоқтарының бағасы 150 мың теңгеден асады, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

EnergyProm мәліметінше, хризантема, гладиолус немесе астрадан жасалған шағын гүл шоғы орта есеппен 4,5–8,5 мың теңге тұрады. Он және одан да көп гүлден құралған стандартты композициялардың бағасы 8 мыңнан 32 мың теңгеге дейін жетеді.

Мысалы, маусымдық нарғызгүлді шамамен 10 мың теңгеге, гортензия мен «Помпон» сұрыпты хризантеманы 28,5 мың теңгеге, ал ұзын голланд раушандарын 30 мың теңгеге сатып алуға болады.

Елуден астам гүлден құралған премиум шоқтар мен себетке немесе сәндік қорапқа салынған композициялар 30 мыңнан 151,9 мың теңгеге дейін бағаланады.

Ресми статистика оқу жылы қарсаңында бағаның күрт өскенін әзірге көрсетпейді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы шілдеге дейін Қазақстанда өсімдіктер, тұқымдар мен гүлдер 3–6 пайыз аралығында қымбаттаған. Шілдеде баға өсімі 4 пайыз болды.

Өңірлердегі жағдай әртүрлі. Шілдеде гүл бағасы Астанада 25,8 пайызға, Атырау облысында 25,4 пайызға өсті. Солтүстік Қазақстан облысында өсім 11,6 пайыз, Абай облысында 11 пайыз, Шымкентте 7,2 пайыз болды. Ал Алматы облысында баға 16,8 пайызға, Қарағанды облысында 1,1 пайызға төмендеген.

Дегенмен 1 қыркүйек алдындағы қысқа мерзімді қымбатшылық айлық статистикаға енбеуі мүмкін. Себебі баға туралы деректер әр айдың 20-сына дейін жиналады.

Қазақстандағы балғын гүлдердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. 2025 жылы елге 168,1 миллион гүл импортталған. Оның шамамен 139,8 миллионы – раушан гүлі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз