Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      17°C
Ру

Лукашенко 230 адамға Беларусь азаматтығын берді: арасында қазақстандықтар да бар

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 16, 2026, 4:35 Т.Қ.
0
13

Беларусь президенті Александр Лукашенко 230 адамды ел азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жаңа азаматтар қатарында 19 елдің өкілдері бар, оның ішінде қазақстандықтар да кездеседі. Азаматтық алғандардың 13-і – кәмелетке толмағандар.

Тізімге Қазақстаннан бөлек Ресей, Молдова, Армения, Сирия, Латвия және Түркия азаматтары енген. Дегенмен, азаматтық алғандардың басым бөлігін Украинадан келгендер құрайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жаңа азаматтардың барлығы Беларусь аумағында бес жылдан астам уақыт тұрақты тұрып келеді. Сонымен қатар олар мемлекеттік тілдердің бірін меңгерген және ел экономикасының әртүрлі салаларында еңбек етіп жүр.

Атап айтқанда, олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және білім беру салаларында жұмыс істейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз