Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Леңгірде зейнеткерге шабуылдаған күдіктілер ұсталды

Фото көзі: : Видеодан скриншот
ZontNews.kz
Там. 27, 2026, 3:35 Т.Қ.

Түркістан облысының полицейлері Леңгір қаласында 65 жастағы әйелге шабуыл жасап, үйін тонады деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Оқиға 24 тамызға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адамдар үйге терезе арқылы заңсыз кіріп, зейнеткерге күш қолданған. Жәбірленушінің туыстары шабуылдаушылар әйелдің қол-аяғын байлап, ақша талап еткенін және бірнеше рет соққыға жыққанын айтты.

Зейнеткердің қызы Мадина Тұрғанбекованың сөзінше, анасының беті мен денесі көгеріп, түрлі жарақат алған. Күдіктілер оның сырғасын жұлып алып, үйдің ішін астан-кестең еткен. Сондай-ақ ұялы телефон мен әмиянда болған шамамен 10 мың теңге жоғалған.

Жәбірленуші аталған үйге қарт анасын күту үшін барған. Оқиғадан кейін оған медициналық көмек көрсетілді. Бұған дейін әйелдің жағдайы тұрақты және өміріне қауіп төніп тұрмағаны хабарланған.

Шабуыл сәтіне қатысты кадрлар әлеуметтік желіде тарағаннан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктілердің жеке басы мен жүрген жері анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз