Колледждерге 55 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды
Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 55 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Биыл мемлекеттік білім беру гранттарының басым бөлігі еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар жасанды интеллект технигі, мехатроника, жаңартылатын энергетика, графикалық анимация технигі және экологиялық туризм менеджері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
Талапкерлер құжаттарын eGov.kz порталы арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндік алады.
Жұмысшы біліктілігі бойынша құжат қабылдау 27 тамызға дейін, орта буын мамандықтарына 20 тамызға дейін, ал педагогикалық және медициналық мамандықтарға 10 тамызға дейін жалғасады.
Конкурс Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде өткізіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз