Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Қазақстандықтар шетелге алатынынан үш есе көп ақша аударады

Фото көзі: : inbusiness.kz.
ZontNews.kz
Шілде 23, 2026, 2:20 Т.Қ.

Қазақстандықтар шетелге аударатын қаражат көлемі елге түсетін ақша аударымынан шамамен үш есе көп, деп хабарлайды ZontNews.kz. finprom.сілтеме жасап.

Биылғы қаңтар–мамыр айларында қазақстандықтар халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге 238 млрд теңге жіберген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға аз.

Осы уақытта Қазақстанға шетелден 78,1 млрд теңге түскен. Бұл көрсеткіш те бір жылда шамамен 10%-ға төмендеген.

Ең көп қаражат бұрынғыдай Ресейге жіберіледі. Бес айда бұл елге 98 млрд теңгеге жуық ақша аударылып, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 16%-ға артқан. Қазір Қазақстаннан шетелге жіберілетін барлық аударымның 40%-дан астамы Ресейге тиесілі.

Ал Қазақстанға шетелден келетін ақша аударымдары бойынша да Ресей көш бастап тұр. Дегенмен бұл елден түсетін қаражат көлемі азайған. Оның орнына АҚШ пен Түркиядан келетін ақша аударымдары артқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз