Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
2028 жылдан бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналаса алады. Қазақстан шетелдік жұмысшыларды заңды түрде жұмысқа қабылдауға мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) мемлекеттік бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды ZontNews.kz The Korea Herald. сілтеме жасап.
Қазақстан аталған бағдарламаға қосылған 18-ші ел болды. Орталық Азиядан EPS жүйесіне Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан да қатысады.
Бағдарлама аясында қазақстандықтар E-9 жұмыс визасын алып, жұмыс күші тапшы салаларда, соның ішінде өндіріс орындарында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, қонақүй және клининг салаларында еңбек ете алады.
E-9 визасы кемінде үш жылға беріледі және кейін оның мерзімін тағы 22 айға ұзартуға мүмкіндік бар.
Қазақстанның EPS бағдарламасына қосылуы бірнеше жылдан бері талқыланып келген. Енді бағдарлама қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз