Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Қазақстандықтар ет пен көкөністі көбірек тұтына бастады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 30, 2026, 12:40 Т.Қ.

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсті. Бұл туралы үй шаруашылықтарының тұрмыс деңгейіне жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бір тұрғынға шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну 20,7 кг, сүт және сүт өнімдерін тұтыну 58,1 литр, жұмыртқа 54 дана, көкөніс 18,7 кг, картоп 11,4 кг, ал балық пен теңіз өнімдері 3,6 кг болды.

Сонымен қатар жарма мен дәнді дақылдарды тұтыну 31 кг-нан 30,6 кг-ға, жеміс-жидек пен жаңғақ 17,5 кг-нан 17,4 кг-ға, қант, тосап және бал 10,8 кг-нан 10,3 кг-ға дейін азайды.

Көкөністі ең көп тұтынған өңірлер қатарында Алматы қаласы (23,2 кг), Жетісу облысы (22,8 кг) және Түркістан облысы (21,4 кг) бар. Ал ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында (16,5 кг), сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында (әрқайсысы 16 кг) тіркелді.

Ет пен ет өнімдерін тұтыну бойынша Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстары көш бастаса, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды.

Зерттеу нәтижелері Қазақстан бойынша 12 мың үй шаруашылығына жүргізілген іріктемелі сауалнама негізінде есептелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз