Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Фото көзі: : NUR.KZ/Владимир Третьяков
ZontNews.kz
Қыр. 2, 2026, 4:40 Т.Қ.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың II тоқсанындағы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Орташа айлық жалақы – 486 388 теңге. Бір тоқсан ішінде бұл көрсеткіш 5,4%-ға өскен.

Ең жоғары орташа жалақы:

  • Маңғыстау облысы – 673 656 теңге
  • Астана – 647 920 теңге
  • Атырау облысы – 631 555 теңге
  • Алматы – 610 371 теңге

Ең төменгі көрсеткіштер:

  • Жетісу облысы – 377 798 теңге
  • Жамбыл облысы – 375 456 теңге
  • Түркістан облысы – 370 964 теңге
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 363 123 теңге

Ал медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады.

Салыстыру үшін: 2025 жылдың IV тоқсанында орташа жалақы 473 158 теңге, ал медианалық жалақы 339 912 теңге болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз