Қазақстанда халықаралық Hilton, Marriott және Rixos қонақүйлері салынады
Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық стандарттарға сай 24 жаңа қонақүй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады, ал мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие мен инвестициялық преференциялар түрінде қолдау көрсетіледі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа нысандар арасында әлемдік брендтер – Hilton, Marriott, Novotel, Courtyard by Marriott және Rixos қонақүй желілері бар.
Атап айтқанда, Қонаев қаласында Hilton және Marriott қонақүйлері, Павлодарда Novotel, Қостанайда Courtyard by Marriott, ал Қызылордада Rixos қонақүйі салынады. Сонымен қатар Алматыда Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu қонақүйлері ашылады.
Жобалар еліміздің туристік инфрақұрылымын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және шетелдік туристер ағынын көбейтуге бағытталған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз