Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Қазақстанда AI 350 мың жұмысқа қауіп төндіруі мүмкін

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 15, 2026, 11:05 Т.Ж.

Алдағы он жылда Қазақстанда 350 мыңнан астам адам жасанды интеллектінің дамуына байланысты жұмыстан қысқарту қаупіне тап болуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек бағдарламаларын дамыту орталығының зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мәліметке сәйкес, еліміздегі 9,2 миллион жұмыспен қамтылған азаматтың тек 0,5 пайызының мамандығы толықтай жойылу қаупінде тұр. Бұл шамамен 48,6 мың адамды құрайды. Олардың қатарында деректерді енгізу операторлары мен байланыс орталығы қызметкерлері бар.

Сонымен қатар күнделікті міндеттердің автоматтандырылуына байланысты тағы 362 мың адам немесе жұмысшылардың 4 пайызы қысқарту қаупіне ұшырауы ықтимал. Әсіресе қаржы және сақтандыру салаларына әсері айтарлықтай болуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект көптеген мамандықтарды толық алмастырмайды, керісінше олардың жұмыс форматын өзгертеді. Болжам бойынша, жұмыспен қамтылған халықтың 44 пайызы немесе шамамен 4 миллион адам трансформацияланған қызметтерге ауысады. Бұл кезде жасанды интеллект күнделікті техникалық жұмыстарды атқарып, адамдар аналитика мен шешім қабылдауға көбірек көңіл бөледі.

Мұндай өзгерістер бухгалтерлер, IT мамандары және маркетологтар жұмысына әсер етеді.

Сонымен бірге еңбек нарығының жартысынан көбі – 4,8 миллион адам – 2035 жылға дейін жасанды интеллектің айтарлықтай ықпалынан тыс қалады.

Зерттеуде жаңа технологиялардың жаңа мүмкіндіктер де ашатыны айтылған. Алдағы уақытта деректер инженерлері, жасанды интеллект әзірлеушілері мен жүйелік аудиторлар сияқты бағыттарда шамамен 82 мың жаңа жұмыс орны пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз