Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автожол жаңартылады
Қазақстанда автомобиль жолдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. 24KZ телеарнасының мәліметінше, биыл ел бойынша 11 мың шақырымнан астам жол жөнделеді. Оның шамамен 9 мың шақырымы республикалық маңызы бар автожолдарға тиесілі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жолдарды жаңарту жұмыстары саланы дамытудың үш жылдық жоспары аясында жүргізілуде. Бағдарлама халықаралық көлік дәліздерін қайта жаңғыртуды, жаңа автомагистральдар салуды, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын қамтиды.
Қазір жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайтын 126 жол учаскесінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі бағыттардың қатарында Жезқазған – Петропавл, Алматы – Шелек – Қорғас, Атырау – Орал және Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы автожолдары бар.
Сонымен қатар Көлік министрлігі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қатысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Жаңа талаптарға сәйкес, жол жөндеу кезінде суық ресайклинг технологиясын кеңінен пайдалану және көлік қозғалысы аз жолдарда жол төсемінің баламалы конструкцияларын қолдану көзделген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз