Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстан шетелдіктер үшін суррогат ана қызметін шектемек

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 25, 2026, 1:05 Т.Қ.

Қазақстан Сенатында шетелдіктердің суррогат ана қызметін пайдалану мүмкіндігін шектеуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Тиісті түзетулерді «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, суррогат ана қызметіне тапсырыс беруші ретінде тек ресми некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана танылады. Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

Қолданыстағы кодексте суррогат анамен келісімшарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыптылар мен суррогат ана арасында жасалатыны көрсетілген. Алайда қазіргі заңнамада тапсырыс берушілердің Қазақстан азаматтығына қатысты нақты талап қарастырылмаған.

Жаңа түзетулер арқылы бұл талапты нақтылау ұсынылып отыр. Атап айтқанда, суррогат анамен жасалатын келісімшартты және тапсырыс беруші ерлі-зайыптылардың міндеттерін реттейтін баптарда мұндай қызметті тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алатыны тікелей

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз