«Қазақстан халқына» қоры 21,2 миллиард теңге табыс тапты
«Қазақстан халқына» қоры 2025 жылы негізінен өз қаражатын орналастыру есебінен 21,2 млрд теңге қаржылық табыс тапқан. Бұл жеке компаниялар мен азаматтардан бір жылда жиналған қайырымдылық қаражатынан шамамен 3,4 мың есе көп, деп хабарлайды ZontNews.kz. қордың жылдық есебіне сілтеме жасап.
2025 жылы жеке донорлар қорға бар болғаны 6,2 млн теңге аударған. Ал жинақталған қаражатты орналастырудан түскен табыс ондаған миллиард теңгеге жетіп, қордың бір жылдық жалпы кірісінің шамамен 26 пайызын құрады.
2025 жылдың соңында «Қазақстан халқына» қорының шоттарында 110,5 млрд теңге болған. Оның 95,3 млрд теңгесі ақшалай қаражат пен оның баламалары түрінде сақталса, тағы 15,2 млрд теңге банктік салымдарға орналастырылған. Жылдық есепте бұл қаражаттың нақты қай банктерде сақталғаны көрсетілмеген.
Ал қор жұмысының алғашқы жылдарында жағдай басқаша болған. 2022 жылы компаниялар мен азаматтар қорға 131,7 млрд теңге аударған еді. Сол кезде ірі донорлардың қатарында қазақстандық банктер де болды.
Осылайша бірнеше жылдың ішінде жеке қайырымдылық қаражаты қор түсімдерінің негізгі көзі болудан қалған. Қазір бұрын жинақталған қаражатты орналастырудан түсетін табыс жаңа ерікті жарналардың көлемінен бірнеше мың есе асып отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз