Канье Уэст Алматыға миллиардтар әкелді
2026 жылғы 15 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің (YE) халықаралық туры аясындағы концерті өтті. Алматы әзірге әртістің Орталық Азиядағы концерті ұйымдастырылған жалғыз қала болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
First Media Group компаниясының мәліметінше, ауқымды музыкалық шараны тамашалауға Орталық стадионға 31 мың көрермен жиналған. Концерт үшін Алматыға әлемнің 50-ден астам елі мен аумағынан шамамен 7 700 турист келген.
Қонақтар арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Австралия азаматтары бар. Сондай-ақ Алматыдағы концертке Канье Уэстің халықаралық туры кезінде өнер көрсететін қалаларға тұрақты түрде сапарлайтын екі мыңға жуық жанкүйері қатысқан.
Шетелдік туристердің келуі қаладағы қонақүйлерге, қоғамдық көлікке, мейрамханалар мен өзге де қызмет түрлеріне сұранысты айтарлықтай арттырды. Ұйымдастырушылардың есебінше, концерттің Алматы экономикасына әкелген пайдасы шамамен 5 млрд теңгені құрады.
13–16 тамыз аралығында қаладағы қонақүйлердің орташа жүктемесі 98%-ға дейін жеткен. Бұл көрсеткіш концерттің Алматының туристік және қызмет көрсету салаларына елеулі серпін бергенін аңғартады.
Қолайсыз ауа райына байланысты концерт бастапқы белгіленген уақыттан бір күнге кейінге шегерілген еді. Соған қарамастан, ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтіп, Орталық стадионның дайындығы көпшіліктің назарын аударды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз