Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Имам «Педофилдердің болуы — Алланың бар екенінің дәлелі» деген сөзін түсіндірді

Фото көзі: видеодан кадр
Қаһар Бинахметов
Қар. 13, 2025, 3:29 Т.Қ.
0
18

Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде дәріс оқитын Нұржан Смағұл әлеуметтік желіде қызу талқыланған «педофилдердің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ұстаздың айтуынша, бұл дау «жоқ жерден шыққан» және имамды әдейі қаралау мақсатында жасалған.

«Болмашы нәрседен туындаған дау. Соңғы уақытта интернетте белсенді болғандықтан, мені әдейі қаралау мақсатында таратылған жала деп есептеймін. Менің айтқан ойым — жақсылық пен жамандықтың табиғаты туралы. Бұл тақырып Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерінде де, Абайдың қарасөздерінде де кездеседі», — деді Нұржан Смағұл.

Имам дәрістің негізгі мақсаты — әлемдегі жақсылық пен жамандықтың да Алланың қалауымен болатынын түсіндіру екенін атап өтті.

«Соңғы кезде мұсылмандарға қарсы «егер Құдай бар болса, неге педофилдер бар?» деген сұрақтар жиі қойылады. Мен осы сауалға теологиялық тұрғыда жауап беруге тырыстым. Дүниеде не болса да, оның бір Жаратушысы бар, біз қаламасақ та, барлығы Оның қалауымен жүзеге асады», — деді ұстаз.

Смағұл өз сөзінің бұрмаланып, контекстен үзіп алынғанын тағы да атап өтті.

«Исламофобтық, атеистік және радикалды топтарға бұл жағдай жақсы құралға айналып отыр. Олар бізге қарсы әрекет жасап, өз ықпалын күшейту мақсатында осындай амалдарға барады», — деп түсіндірді имам.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде дәрістен үзінді жарияланып, онда ұстаз «педофилдердің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген сөзі қоғамда наразылық тудырған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз