Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Ер адамдарға «әйелдер операциясын» жазып, 221 млн теңгені жымқырған

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 1, 2026, 2:20 Т.Қ.

Маңғыстау облысында екі жекеменшік медициналық ұйымның басшылығына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қаражатын жымқыру күдігі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «ИБН СИНА» және SOFIE MED GROUP медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша құжат рәсімдеу кезінде әйелдерге ғана жасалатын жоғары технологиялық операцияның кодын көрсеткен.

Осылайша, 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызмет көрсетілген болып рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін қолдан өсірілген. Бұдан бөлек, 19 пациент ешқашан аталған клиникаларға жүгінбегенін мәлімдеген.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 221 миллион теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін ӘМСҚ жүйесінде жалған пациенттерді тіркеу, ер адамдардың әйелдерге арналған скринингтен «өтуі», қайтыс болған азаматтарға медициналық қызмет көрсету сияқты бірқатар заңбұзушылық анықталған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз