Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

«Әділет» партиясы AMANAT құрамына қосылды

Фото көзі: : Коллаж Kazinform
ZontNews.kz
Маусым 15, 2026, 10:40 Т.Ж.

2026 жылғы 14 маусымда Астанада өткен «Әділет» партиясының кезектен тыс съезінде саяси ұйымды AMANAT партиясының құрамына қосу туралы шешім қабылданды. Ұсынысты съезге қатысқан 613 делегаттың барлығы бірауыздан қолдап, қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Съезде сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытын толық қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, елдегі реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамның белсенділігіне және саяси күштердің жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Айбек Дәдебай партия құрылған күннен бастап әділеттілік қағидатын басты ұстаным еткенін атап өтті. Оның айтуынша, әділдік орнаған жерде қоғамның сенімі артып, кәсіпкерлік дамып, азаматтық белсенділік күшейеді.

Сондай-ақ партия төрағасы қысқа уақыт ішінде «Әділеттің» қоғамдық диалог алаңына айналып, кәсіпкерлерді, жастарды, сарапшыларды және қоғам белсенділерін біріктіргенін жеткізді. Съезге партияны қолдайтын 30-дан астам қоғамдық ұйымның жетекшілері де қатысқан.

Жиын барысында делегаттар екі саяси күштің бірігуі елдегі саяси жаңғыру үдерісіне және Әділетті Қазақстан құру бастамаларына жаңа серпін береді деген пікір білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз