Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

БҚО-да экология заңын бұзғандар 2 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 21, 2026, 5:30 Т.Қ.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері экология саласында 115 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықта 39 кәсіпорын мен ұйымда мемлекеттік бақылау жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою бойынша 61 нұсқама берілген.

Осы кезеңде жалпы сомасы 2,081 млрд теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 2,065 млрд теңге өндіріліп, жергілікті бюджетке түсті. Ең ірі айыппұл экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «ҚПО б.в.» компаниясына салынды.

Сонымен қатар өңірде атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3 пайызға азайып, 33,4 мың тоннаны құрады. Экология департаментінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта облыста атмосфераның жоғары немесе экстремалды ластану деректері тіркелмеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз