Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі - Norway Chess Women 2026 жарысында чемпион атанды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Осло қаласында өткен додада ол әлемнің үздік гроссмейстерлерін басып озып, турнирді мерзімінен бұрын жеңіп алды. Жарыс 25 мамыр мен 5 маусым аралығында Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украинадан келген алты мықты шахматшы қатысты.
Асаубаеваның бұл жеңісінің ерекшелігі - оның аталған турнирге алғаш рет қатысуы және ең жас ойыншылардың бірі болуы. Соған қарамастан, ол әлемдік шахмат элитасын артта қалдырды.
Қарсыластары қатарында әлем чемпиондары мен рейтинг көшбасшылары болды: Қытайдан Цзюй Вэньцзюнь мен Чжу Цзиньэр, Украинадан Анна Музычук, сондай-ақ Үндістан өкілдері Хампи Конеру мен Дивья Дешмукх.
Турнир екі айналымдық жүйе бойынша өтті. Классикалық партия тең аяқталған жағдайда жеңімпаз «Армагеддон» ойынында анықталды. Бибісара тұрақты және сенімді ойын көрсетіп, соңғы турлар аяқталмай жатып чемпиондықты қамтамасыз етті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз