Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

Бейімбет Майлин ескерткішіне шыққан бойжеткен жауапқа тартылды

Фото көзі: : t.me/astanovka98
ZontNews.kz
Мамыр 28, 2026, 9:20 Т.Ж.

Астанада Қаламгерлер аллеясындағы Бейімбет Майлин ескерткішінің үстіне шығып, фотосессия жасаған бойжеткеннің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бейнежазбада бойжеткеннің жазушы ескерткішінің үстіне шығып суретке түсіп жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті тарихи тұлғаға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалады.

Полиция қызметкерлері видеодағы қыздың 18 жастағы Астана тұрғыны екенін анықтаған. Ол Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Ведомство мәліметінше, бойжеткенге ұсақ бұзақылық бойынша айып тағылып, іс материалдары сотқа жолданған.

Сондай-ақ полиция ескерткіштер мен мәдени мұра нысандарына қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салды. Құқық қорғау органдары мәдени орындарға қасақана зиян келтіру вандализм ретінде бағалануы мүмкін екенін және ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз