Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Бас редактор қамауға алынды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 15, 2026, 4:16 Т.Қ.

Алматыда ҚазТАГ агенттігі басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы агенттіктің бас редакторы Амир Касеновке қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдатуды сұрады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Прокурордың өтінішін қараған сот үйқамақта болған журналисті қамауға алу туралы шешім қабылдады. Айыптау тарапы мұндай талапқа Касеновтің маусым айының басында президентке үндеу жасап өткізген тікелей эфирін, сот күні жариялаған татуласуға дайын екені туралы мәлімдемесін және 11 маусымдағы сот отырысына келмегенін негіз еткен.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін Амир Касенов құрғақ аштық жариялайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар сот барысында ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Асет Матаевқа да бұқаралық ақпарат құралдарына пікір берген жағдайда бұлтартпау шарасы өзгертілуі мүмкін екені ескертілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз