Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Balapan телеарнасы желідегі мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді

Фото көзі: : Видеодан скриншот
ZontNews.kz
Мамыр 13, 2026, 11:15 Т.Ж.

Әлеуметтік желіде актер Нұрғали Нұрман бала кезінде телевизиялық жобаларға қатысқан тұста зорлық көргенін мәлімдеді. Осы оқиғаға байланысты Balapan телеарнасы ресми түсініктеме жасап, аталған адамның арнада продюсер болып жұмыс істемегенін хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.

Телеарна мәліметінше, 2010 жылы ашылған арнаның штаттық құрылымында аталған ер адам ешқашан “продюсер” қызметін атқармаған. Кейін әлеуметтік желідегі қолданушы өз жазбасында сөз болған жағдайдың Balapan телеарнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты екенін нақтылап, арна ұжымынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ телеарна өкілдері жұртшылықты тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сенуге шақырды.

Ал Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты процестік тексеру басталғанын мәлімдеді. Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Нұрғали Нұрманның айтуынша, ол бала кезінде кино және сериалдарға түсірген адамның тарапынан психологиялық қысым мен зорлық көрген. Актер бұл жағдайдың өзіне ауыр әсер еткенін айтып, оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдағанын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз