Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Балабақшада фото үшін берілген банан жиналған

Фото көзі: : Бейнеден алынған кадр
ZontNews.kz
Маусым 8, 2026, 6 Т.Қ.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген видео қызу талқылануда. Кадрларда түскі ас кезінде балаларға банан таратылып, фотоесеп жасалғаннан кейін жемістердің қайта жиналып алынғаны байқалады, деп хабарлайды ZontNews.kz.Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Видеода бір баланың бананды бергісі келмей, кейін басқа баланың оны тәрбиешіге алып берген сәті де көрінеді.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың ақпан айында болған. Мекеме тарапынан тексеріс жүргізіліп, балабақша басшысы мен қызметкерлерден түсініктеме алынған. Видеодағы бес қызметкердің үшеуі қазір бұл мекемеде жұмыс істемейді.

Сонымен қатар құзырлы органдарға  полицияға, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне және білім сапасын бақылау департаментіне ресми хат жолданған. Қазір іс заң аясында қаралып жатыр.

Бұған дейін де еліміздің өзге өңірлерінде балабақшадағы тәрбиешілердің әрекетіне қатысты резонанстық жағдайлар тіркелген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз