Қазақстан шетелде заңды жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтуде
Қазақстан өз азаматтарының шетелде заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды шетелде жұмыспен қамту бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ZontNews.kz хабарлайды.
Маңызды қадамдардың бірі – Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылу. Бұл жүйе шетел азаматтарына жұмыс күші тапшы салаларда заңды түрде еңбек етуге мүмкіндік береді.
Жүйеге қосылу үдерісі үш кезеңнен тұрады. Қазақстан алғашқы кезең – ішкі келісу жұмыстарын аяқтап, екінші кезеңге өтті. Қазір EPS орталығын құруға арналған нысандармен танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы кезеңнің нәтижесі елдің жүйеге толық қосылуы жөніндегі соңғы шешімге негіз болады.
EPS жүйесіне қатысу қазақстандықтарға шетелде ресми түрде жұмыс істеп, еңбек және әлеуметтік құқықтарының толық қорғалуына мүмкіндік береді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз