Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    17°C
    • Астана
      20°C
Ру

Астанада мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 23, 2026, 6 Т.Қ.
0
14

Астана қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар арасында болған төбелес әлеуметтік желіде таралып, қоғамда қызу талқыланды. Бейнежазбада жасөспірімдердің бір-бірінің жағасынан алып, шаш жұлысқан сәттері көрінеді. Бұл жағдай ата-аналардың алаңдаушылығын туғызды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігі жанжалды жан-жақты тексерудің орнына, оқиға видеосын өшіруге тырысқан. Олар білім ордасының әрекетіне күмән келтіріп отыр.

Ал мектеп басшылығы бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Олардың дерегінше, оқиға 23 қаңтар күні 8-сынып оқушылары арасында мектептің дәретханасында болған және небәрі бір жарым минутқа созылған. Мұғалімдер жағдайға жедел араласқан.

Мектеп әкімшілігі оқиға туралы полицияға, прокуратураға және білім басқармасына хабар берілгенін мәлімдеді. Қақтығысқа қатысқан оқушылар есепке алынып, олардың ата-аналарына әкімшілік айыппұл салынған.

Қазіргі уақытта аталған сынып тәуекел тобына енгізіліп, оқушылармен жеке тәлімгерлер жұмыс жүргізіп жатыр. №36 мектеп директоры Гүлжан Бапанова ата-аналар тарапынан ресми шағым түспегенін айтты. Оның сөзінше, ата-аналар жағдайдың мән-жайынан хабардар және мектеп тарапынан атқарылған жұмыстарды біледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз