Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

«Amanat Drive» басшыларына үкім шықты

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 1, 2026, 11:20 Т.Ж.

Қонаев қаласының соты сегіз мыңнан астам қазақстандықты миллиардтаған теңгеге алдаған «Amanat Drive» қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz. ҚМА-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады. Сот оларды алаяқтық схема құрғаны және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен Шүкен К.К. сегіз жылға, ал Үрәтбек М.С. бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұйымдастырушылардың сегіз мыңнан астам салымшыдан ақша тартқаны анықталды. Қаржы пирамидасына салынған қаражаттың жалпы көлемі 21 миллиард теңгеден асқан.

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөлікті тиімді шарттармен, пайызсыз және кейін бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алуға уәде берген.

Заңсыз жолмен алынған қаражаттың шығу тегін жасыру үшін олар өздеріне бағынышты «Алло, не керек», «I M@RKETING» және «Gold SapaPremium» серіктестіктерін пайдаланған.

Аталған компаниялар жарнама қызметін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау және болжам жасау қызметтерін көрсететін жалған жеткізушілер ретінде әрекет еткен. Жасанды келісімшарттар арқылы 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Заңсыз қаражатқа екі пәтер мен Lexus маркалы үш автокөлік сатып алынған. Тәркілеуден жасыру үшін мүлік сенімді тұлғалардың атына рәсімделген.

Сот аталған мүліктің барлығын мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз