Алматыда 25 жастағы жігіт іздестірілуде
Алматы қаласында полиция қызметкерлері мен еріктілер ұйымдары 25 жастағы Ерзат Шалқарұлы Егізбайды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Жігіт 19 мамыр күні сағат 14:30 шамасында Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін хабарсыз кеткен. Оның жанында ұялы телефоны болған, соңғы сигналы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген.
Туыстарының айтуынша, Ерзат бұған дейін үйінен ескертусіз кетпеген, медициналық есепте тұрмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Іздеу шараларына Алматы қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ «Қоғам» және «Лидер KZ» еріктілері тартылған.
Белгілері: бойы 165–170 см, дене бітімі орташа. Үстінде қоңыр жемпір, қоңыр кеудеше, қара шалбар, қара кроссовка және қара кепке болған.
Полиция барлық медициналық мекемелер, жедел жәрдем және басқа базалар бойынша тексеру жүргізгенімен, әзірге нәтиже жоқ.
Егер азамат туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне немесе туысының +7 777 021 66 60 телефонына хабарласу сұралады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз