Алматы прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесін мемлекетке қайтарды
Алматы прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыз үлесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Прокуратура мәліметінше, 2015 жылы серіктестік үлесі заңсыз түрде жеке тұлға иелігіне өтіп кеткен. Сонымен қатар, ұйымға тиесілі Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан жалпы аумағы 2 108,3 шаршы метр ғимарат пен жер учаскесі де заңсыз иеліктен шығарылған.
Мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау мақсатында Әуезов ауданының прокуратурасы сотқа жүгініп, жекешелендіру шартын және кейін жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тануды талап еткен. Кассациялық сот бұл талапты толық қанағаттандырды. Нәтижесінде, құны шамамен 1,3 млрд теңге болатын активтер мемлекетке қайтарылатын болды.
Айта кетейік, бұл іс бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеулермен байланысты деп көрсетіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз