Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Ақтаудағы клиника депутаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Фото көзі: : Qumash.kz
ZontNews.kz
Мамыр 26, 2026, 3:27 Т.Қ.

Ақтаудағы «Қасиет» клиникасы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов қайтыс болған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Клиника мәліметінше, 49 жастағы депутат иек тұсындағы артық майды алу және мойын бұлшықеттерін тарту үшін пластикалық операция жасатпақ болған. Алайда наркоз енгізілгеннен кейін науқастың қан қысымы күрт көтеріліп, дәрігерлер операцияны тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Кейін Ербол Айтуовтың қан қысымы мен қандағы қант деңгейі жоғарылап, инсульт алғаны белгілі болды. Ол комаға түсіп, бір айдан кейін көз жұмған.

Марқұмның отбасы атынан сөйлеген адвокаттың айтуынша, депутаттың мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізілмеген. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Оқиғадан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті клиникаға тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

Ербол Айтуов Маңғыстау облыстық мәслихатына «Ақ жол» партиясынан сайланған. Бұған дейін мұнай сервистік салада басшылық қызметтер атқарған.

 

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз