3 жасар бала жоғалып, далада табылды
Абай облысында салт атты полиция қызметкері жоғалып кеткен 3 жасар баланы кең далада тауып алды, деп хабарлайды ZontNews.kz. облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 8 сәуір күні бала Ақсуат ауданындағы үй ауласынан шығып, із-түзсіз кеткен. Таңертеңнен бері туыстары өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабар берген.
Осыдан кейін барлық күштер жұмылдырылып, іздеу жұмыстары басталды. Полицейлер әрбір аумақты мұқият тексеріп, уақыттың аса маңызды екенін ескерген.
Бірнеше сағаттан соң іздеу барысында салт атты полиция қызметкері елді мекеннен алыс жерде жалғыз жүрген баланы байқайды. Толқыған полицей оны: «Айналайын, келе ғой…» деп шақырған.
Шамамен сағат 14:00-де бала ауылдан 3 шақырым қашықтықта табылды. Бақытына қарай, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ – тек адасып кеткені анықталды.
Ведомство бұл жағдай уақытылы әрекет пен үйлесімді жұмыстың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейтінін атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз